Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

АҚШ-та Храпунов пен Аблязовтың есепшоттары бұғатталды

AstanaTV
11.05.2016ж. 20:00
1454
АҚШ-та Храпунов пен Аблязовтың есепшоттары бұғатталды

Мұқтар Әбілязов пен Виктор Храпунов ұрлаған 21 млн доллар Қазақстанға қайтарылуы мүмкін. Бұл сома АҚШ-та бұғатталды. Еліміздің Әділет министрлігі осылай деп хабарлайды.

Осыдан екі жыл бұрын Алматы әкімдігі мен Әділет министрлігі АҚШ-тың Калифорния штатының сотына Храпунов пен онымен сыбайластарына қарсы арыз-шағым түсірген. Нәтижесінде Америка соты Қазақстаннан ұрланған және шығарылған активтердің атын атап, түсін түстеп берді. Іле-шала қылмыстық қудалаудан және ұрлаған ақшаның тәркіленуінен қауіптенген Храпунов пен Әбілязов активтерді тездетіп сата бастады. Атап айтқанда, Нью-Йорктегі қонақ үй апартаменттерін жөндеу жобасына 40 млн АҚШ долларын жұмсаса да, оны 21 миллионға сатуға әрекет жасаған. Алайда үлгермей қалды.

Қазіргі уақытта Нью-Йорк штатының сотында бұғатталған 21 млн долларды елге қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Еске салайық, Виктор Храпунов пен Мұқтар Әбілязов 4 млрд долларды қолды қылып, елден қашып кетті деп айыпталған. Олар бір біріне құда.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ