Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Бразилияда ереуілге шыққан азаматтар 5 бірдей автобусты өртеп жіберді

AstanaTV
30.04.2014ж. 10:00
977
Бразилияда ереуілге шыққан азаматтар 5 бірдей автобусты өртеп жіберді

Бразилияда жағдай ушығып тұр. Ереуілге шыққан азаматтар 5 бірдей автобусты өртеп жебірді. Бұған дейін, арнайы полиция жасақтарымен болған қақтығыс салдарынан 17 жасар жеткіншек көз жұмды.

Тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша, бақилық болған азамат ұрланған көлік ішінде болған. Тексерік кезінде көліктен тапанша мен рация табылды. Оның үстіне ол бұған дейін де көлік ұрлаумен айналысқаны белгілі болды. Өткен аптада қақтығыстар Рио маңындағы Копакабане елді мекенінде болды. Нашақорлыққа қарсы арнайы операция ұйымдастырған тәртіп сақшылары 26-жасар азаматты атып өлтірген.

Бірақ соңғы ақпаратқа сәйкес, қаза тапқан ер адам нашақорлыққа қатысы жоқ кәсіби биші болып шықты. Бразилияның «Амнести Интернейшенл» құқық қорғау ұйымының мәліметі бойынша, нашақорлыққа қарсы арнайы операциялар барысында жыл сайын елде 2 мыңнан аса адам зардап шегеді. Енді екі айдан кейін Бразилияда футболдан әлем чемпионаты басталады. Дүбірлі дода алдында тәртіп сақшылары қылмыскерлерге қарсы қатаң шара қолданатынын ескертті.

Самат ҚАНАҒАТОВ