Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Оңтүстік Корея жағалауында суға кеткен "Севоль" кемесінде қаза тапқандардың саны 210 адамға жетті

AstanaTV
30.04.2014ж. 20:00
2256
Оңтүстік Корея жағалауында суға кеткен "Севоль" кемесінде қаза тапқандардың саны 210 адамға жетті

Оңтүстік Корея жағалауында суға кеткен "Севоль" кемесінде қаза тапқандардың саны 210 адамға жетті. 92 адамның тағдыры әлі де белгісіз. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздестіру жұмыстары уақытша тоқтатылды.

Еске салайық, Инчхон портынан Чеджудо аралына шыққан кеме жолаушыларының басым көпшілігі мектеп оқушылары мен педагогтар болған. Бас аяғы 500 жолаушының небары 174-і аман қалып отыр. Оқиға 16 сәуірде болды. Апат бойынша бірнеше кісі кінәлі деп танылып, қамауға алынды. Олардың қатарында кеме капитаны бар.

Тергеушілердің айтуынша, кеме апатқа ұшыраған сәтте ол бортты алғашқылардың қатарында тастап кеткен. Бұл әрекеті үшін кеме капитаны өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Экипаж мүшелері эвакуация жайында дабылды кеш қаққан. Апаттан кейінгі дау салдарынан Оңтүстік Кореяның премьер-министрі отставкаға кетуге мәжбүр болды. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ