$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Елбасы ұсынған жиырма бірінші ғасырдағы еуразиялық интеграция жаңа, өркениетті қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуына серпін бермек

AstanaTV
01.05.2014ж. 13:00
1266
Елбасы ұсынған жиырма бірінші ғасырдағы еуразиялық интеграция жаңа, өркениетті қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуына серпін бермек

Елбасы ұсынған жиырма бірінші ғасырдағы еуразиялық интеграция жаңа, өркениетті қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуына серпін бермек. Бұл туралы журналистермен кездесуде Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы директорының орынбасары Сәбина Аязбекова айтты.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ әлеуметтік бағдарлы мемлекеттерді құруға мүмкіндік береді. Еуразия кеңістігінде ғасырлар бойына бірігу мен бөліну үдерісі алмасып отырған. Ал Қазақстан Президенті жаңа өркениетті білім беру жүйесін ұсына отырып, осы екі үдерісті біріктірді. Оның идеясында тарихи уақыт пен жаһандық кеңістік біріктірілген, - деді Аязбекова.

Сәбина Аязбекова
, М.Ломоносов атындағы ММУ филиалы директорының орынбасары:

Елбасы өзінің интеграция идеясында әр мемлекеттің тәуелсіз тіршілігі мен тәуелсіздік мәселесіне ерекше назар аударған. Әрине
, бұл тек экономикалық салаға қатысты емес. Сөзсіз, бұл адамдардың ділі мен саяси қарым-қатынасына және мемлекеттік құрылымына да қатысты.

Жұрағат БАМАН