$458.87 €493.84 ₽6
×

Кореяда паром апатынан қаза тапқандар саны 248 адамға жетті

AstanaTV
05.05.2014ж. 10:00
863
Кореяда паром апатынан қаза тапқандар саны 248 адамға жетті

Кореяда суға кеткен «Севол» кемесінде қаза тапқандардың саны 248-ге жетті. 52 адамның тағдыры әлі де белгісіз.

Жақында ел президенті Пак Кын Хе апат орны Чиндо аралына тағы бір мәрте барып, жоғалғандардың туысқандарымен кездесіп, іздестіру жұмыстарының барысын бақылап қайтты. Президент халықтан биліктің тиімсіз жұмыстары үшін кешірім сұрап, іздестіру жұмыстарының тоқтаусыз жүргізілетінін айтты.

Кеменің суға кетуі бойынша 20 адам кінәлі деп танылып, қамауға алынып отыр. Олар - кеме экипажы мен компания өкілдері. Оларға «эвакуация жайында хабарды кеш таратты» деген айып тағылған. Апат кезінде экипаж көпшілікті керісінше орындарында қалуға шақырған. Кеме капитаны өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, апаттан кейінгі даудан Оңтүстік Кореяның премьер-министрі отставкаға кетуге мәжбүр болды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах