Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстан нарығын Кедендік одақ елдерінен келетін көліктер жаулап алмауы керек

AstanaTV
05.05.2014ж. 20:00
1071
Қазақстан нарығын Кедендік одақ елдерінен келетін көліктер жаулап алмауы керек

Қазақстан нарығын Кедендік одақ елдерінен келетін көліктер жаулап алмауы керек. Осы бағытта арнайы қорғау тетіктері қолға алынбақшы. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. 

Альберт Рау, Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары:

Бізде көлікті сатуға қатысты сұрақ шешілмей тұрған. Минскіде ортақ мәмілеге келдік. Енді бояу, дәнекерлеу, құрастыру кезінде қосалқы бөлшектердің 30%-ы шығаратын елдікі болса ғана, өзге елге экпортталады. Егер пайыздық көрсеткіш оған жетпесе, ішкі нарықта қалады. Ал 2018 жылы ол 50%-ға жетеді. Осылайша қазақстандық көлік зауыттарында отандық бөлшектер қолдануды арттыруға алғы шарттар жасаймыз. Бұл ішкі нарыққа шет елден ағылатын құрама көліктерді шектеудің бір жолы.

Альберт Раудың айтуынша, ортақ энергетикалық нарық құру жақын арада іске аспайтын сыңайлы. Оның себептері көп. Мәселен, Беларусьта энергетика тарату ісімен 100% мемлекет меншігіндегі компания айналысады. Ал Ресейде қуаты әртүрлі жеке компаниялар тартылған. Ортақ нарық құру жолы қаралып жатыр. Бірақ ол бес жылдан соң іске асуы мүмкін. Вице-министр бұдан Қазақстанның бәлендей зардап шекпейтін айта кетті. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ