Жастарды қолдау. «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент
мектебі Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жоғары курс
студенттеріне арнап семинар-тренинг өткізді. Шараның мақсаты түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
мен жұмысқа ойдағыдай орналасуына мүмкіндік жасау. Басқосу барысында жастар
«Назарбаев университетінде», сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы бойынша
шетелде білім алу мүмкіндіктері жайлы ақпаратқа қанықты.
Тыңдаушыларға болашақта жұмысқа орналасу жолындағы маңызды салалар мен құрылымдарды атай
отырып, еңбек нарығындағы жағдай таныстырылды.
Сондай-ақ «Жұмысқа сәтті орналасу
технологиясы», «Көшбасшылық дағдылар мен менеджмент
негіздері» тақырыптары бойынша тәжірибелік тренингтер өткізілді. Семинарға барлығы 300-ден астам
студент қатысты.
Әсет Әбдуәлиев, "Нұр Отан" партиясы
саяси менеджмент мектебінің директоры:
Осы шараның ішінде студенттер қалай жұмыс табу интернет арқылы, одан кейін
мемлекеттік қызметке қалай орналасу,
бизнесті қалай ашу, "Болашақпен" қалай оқу, қандай мүмкіндіктер бар екенін
айтып береміз.
Жұрағат БАМАН