Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қостанайда «Жас патриот» әскери-патриоттық клубтарының дәстүрлі слеті өтті

AstanaTV
07.05.2014ж. 20:00
926
Қостанайда «Жас патриот» әскери-патриоттық клубтарының дәстүрлі слеті өтті

Қостанайда Отан қорғаушылар күніне орай бірқатар ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі «Жас патриот» әскери-патриоттық клубтарының дәстүрлі слеті ерекше аталып өтті. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлік пен батылдыққа баулитын слет Тобыл өңірінде биыл сегізінші рет ұйымдастырылды. Оған 12 құрама команда қатысқан. Әуелі әр команда әскери-спорттық әдіс-тәсілдерді көрсетіп, көпшіліктің көңілін баурады.

Тәрбиелік мәні зор игі шараны облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов тамашалап, өнегелі ұрпақтың өжеттігіне тәнті болды. Бүгінде облыстағы білім ордалары мен колледждерде 31 әскери-патриоттық клубтар жұмыс істейді. Онда мыңнан астам жас отансүйгіштік қасиетті бойына сіңіріп жүр. Ал биылғы слетте жас сарбаздар суда құтқару элементтері, алғашқы медициналық жәрдем беру секілді қиын сынақтан сүрінбей өтуге тырысады.

Гүлмира Қапенова, «Грин азаматтық альянсы» ҚБ Қостанай филиалы атқарушы директоры:

Бір жыл бойы әскери дағдыны үйренген жас ұрпақ осы слетте білген-түйгенін көрсетуі тиіс. Сонымен қатар жиын барысында олар жаңа әскери -спорттық жарыстардың қыр-сырын меңгереді. Судан құтқарудың элементтерін үйренеді. Осының бәрін жетік біліп шыққан жеткіншек келешекте отан қорғауға дайын сарбаз болатынына сенім мол.

Заңғар САНАЙ