Қарағандыда да салтанатты шара мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюмен
басталды. Облыстан майданға 60 мыңдай сарбаз аттанған. Олар қолына қару
алып Беларусь, Украина, Молдова мен Балтық елдері және Батыс Еуропа аймағында
басқыншыларға қарсы шайқасқан. Көбісі қан майданда қаза тапты.
Жиналғандар
олардың рухына тағзым етіп, бес минут үнсіздікпен еске алысты. Ал Қарағанды
гарнизоны әскери шеруде сап түзеді. Мұнда облыс тұрғындарына екінші
дүниежүзілік соғыста опат болған туған-туыстың есімін "Мәңгілік полк"
тізіміне енгізуге мүмкіндік берілді. Салтанатты шара кешке дейін жалғасады. Ол Жеңіс саябағында болатын мерекелік отшашумен аяқталмақ.
Ғарифолла Ашрапов, Ұлы Отан соғысының ардагері:
Біз соғыс ардагерлері аз болсақ та ұрпақтарымызға, барлығына бейбіт
өмір тілейміз. Еліміздің азаматтары аман болсын, еліміздің іргесі аман
болсын! Халықтың бірлігі жасасын! Жеңіс құтты болсын!
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ