Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Әнуар Сәйденов Алматы Халықаралық әуежайының тәуелсіз директоры болып сайланды

AstanaTV
12.05.2014ж. 13:00
1625
Әнуар Сәйденов Алматы Халықаралық әуежайының тәуелсіз директоры болып сайланды

Ұлттық Банктің бұрынғы басшысы Әнуар Сәйденов Алматы Халықаралық әуежайының тәуелсіз директоры болып сайланды. Аталмыш әуежайдың жалғыз акционері болып табылатын Амстердамдағы Venus Airport Investments B.Vтарапынан осындай шешім қабылданды. 

Әуежайдың директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Салават Черьязданов мерзімінен бұрын босатылды. Жаңадан сайланған тәуелсіз директор Әнуар Сәйденов Қазақстандағы ең ірі Алматы әуежайын осы жылдың қараша айына дейін басқарады. 

Айта кету керек, Сәйденов бұдан бұрын Ұлттық Банкті басқарған. Қазіргі уақытта РБК коммерциялық банкінің директорлар кеңесінің мүшесі.