Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ресей Беларусьқа 2 млрд доллар көлемінде несие беруге келісті

AstanaTV
12.05.2014ж. 13:00
963
Ресей Беларусьқа 2 млрд доллар көлемінде несие беруге келісті

Мәскеу Беларусьтің мұнай өнімдеріне салынатын баж салығын алып тастауға келісті. "Бұл жайында 7-8 мамырда өткен отырыстан кейін белгілі болды", - деп хабарлайды РБК агенттігі. Александр Лукашенконың айтуынша, бұдан былай Беларусьтің Ресей бюджетіне төлейтін салығы есе азаяды. Үнемделетін сомма 1,5 миллиард доллар көлемінде.

Айта кетейік, Еуразия экономикалық одағына кіру үшін Беларусь осындай талап қойған еді. Мұнай өнімдерінің экспорты елдің  негізгі табыс көзі. Екі бірдей мұнай өңдеу зауыты жылына 23 миллион тонна мұнай өндіруге қауқарлы. Сондай-ақ Ресей Беларусьқа қаржылай көмек көрсетпек. Ағымдағы айда Минск 2 млрд доллар көлемінде несие алады. Осылайша, Беларусь рубліне қатысты девальвацияның алдын алу жоспарланған. 

Александр Лукашенко, Беларусь республикасының  президенті:

Біз біртіндеп баж салығын төмендететін боламыз. Келер жылы жартысы Беларусьта қалмақ, ал 2016 жылдан бастап екінші жартысын да ыңғайластырамыз. Келер жылы шамамен $1,5 млрд доллар Беларусьта қалады. Дәл осындай сомманы Ресей бюджетіне аударамыз. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА