Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда Жәнібек Бердәулетұлы туралы «Ер Жәнібекке - 300 жыл» атты ғылыми еңбек жарық көрді

AstanaTV
12.05.2014ж. 13:00
2972
Алматыда Жәнібек Бердәулетұлы туралы «Ер Жәнібекке - 300 жыл» атты ғылыми еңбек  жарық көрді

Жоңғарларға қарсы қол бастап, ерлік жасаған қазақ хандары мен баһадүр батырларының тарихы жайлы кітаптар сериясын шығару жалғасады. Алматыда ұлт азаттығы үшін күрескен қаһарман батырлардың бірі Жәнібек Бердәулетұлы туралы «Ер Жәнібекке - 300 жыл» атты ғылыми еңбек жарық көрді. Баспадан шыққан жинаққа 8 тарихи жыр мен 43 аңыз әңгіме енген. "Бірнеше мың данамен таралған туындылар қазақ тарихын қайта зерттеушілер мен жалпы оқырман үшін таптырмас еңбек", - дейді авторлар.

Сондай-ақ бұл күні Моңғолиядағы қазақ жазушысы Сұлтан Тәукейұлының «Ақыр Жәнібек» романы мен «Керейде батыр Жәнібек" атты аудиобейне жинақ та оқырманға жол тартты. Тұсауы кесілген кітаптарда батырдың ерен ерлігі, асқан ақылы, теңдессіз батырлығы шынайы суреттелген. Қалың оқырманға жол тартқан қос басылымды жақын арада еліміздің кітапханалары мен кітап сөрелерінен табуға болады.

Мақсұт Темірбаев, «Ер Жәнібек» халықаралық қорының президенті:

Ер Жәнібектің батырлығы мәшһүр. Ол бір майданда Абылайдың өмірін сақтап қалумен аты шығады. Сосын ол 18 ғасырдағы ең мықты батырлардың бірі ретінде біздің тарихта қалды. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ