$455 €492.13 ₽5.94
×

Апта соңына қарай көптеген аймақтарда күн райы күрт салқындамақ

AstanaTV
12.05.2014ж. 13:00
1008
Апта соңына қарай көптеген аймақтарда күн райы күрт салқындамақ

Ауа-райының тосын мінезі әлі алда. Апта соңына қарай көптеген аймақтарда күн райы күрт салқындамақ. "Қазгидрометтің" хабарлауынша, Қазақстанның кейбір өңірлерінде жел күшейеді. Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа-райы 0-5 градусқа дейін суытады деген болжам бар.

Ал  солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдыққа барады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында да бұрқасын дауыл болады деп күтіліп отыр. Шығыс Қазақстанда  тұман түсіп, секундына 15-20 метр  жылдамдықта жел соғады.

Әлия Оспанова, "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі:

Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында кей күндері жаңбыр жауады. Аптаның соңына қарай салқын ауа массаларының келуіне байланысты республикамыздың солтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашынды күн райы орын алып, сынап бағанасы 13 - 18, кейбір жерлерде 8 градусқа дейін төмендесе, түнде солтүстік өңірлерде жерді үсік шалуы мүмкін.

Жұрағат БАМАН 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах