$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Түркиядағы Қазақстан азаматтары да дауыс берді

AstanaTV
20.03.2016ж. 20:00
2157
Түркиядағы Қазақстан азаматтары да дауыс берді

Елімізде өтіп жатқан саяси додадан Түркиядағы 1300-ден аса отандасымыз да сырт қалмаған. Анадолы елінде түрлі мақсатпен жүрген Қазақстан азаматтары үшін Анкара, Ыстамбұл және Анталия қалаларындағы елшілік пен консулдық жанынан учаскелер ашылды. Тағы бірнеше қалаға көшпелі сайлау жәшіктері жеткізілді. Мәселен, Ыстамбұлдағы нөмірі 205-ші сайлау учаскесіне 576 адам, ал Анкарада 575, Анталияда 149 жерлесіміз дауыс беруге құқылы. Дауыс берушілердің басым бөлігі - осында білім алып жатқан жастар, жұмыс бабымен немесе туристік мақсатта келген жерлестеріміз. Оларға саяси додаға үн қосу үшін барлық жағдай жасалған.

Тәукехан Пошанов, сайлаушы:

Тек мен ғана емес, осында оқитын студенттер де келді. Жалпы ҚР әрбір азаматы қатысып, өз үлесін қосуға міндетті. Жалпы бұл бірінші рет емес, бұған дейін ҚР Президенті сайлауына да қатысқан болатынбыз.

Алмат Сүйімбаев, Ыстамбұл қаласы №205 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы:

Ыстамбұл қаласының 205 учаскесінде 576 дауыс беруші тіркелген. Сайлау учаскеміз сағат 07.00 заң бойынша ашылды. Бас консулдық тарапынан көлікпен және басқа да шаралармен қамтамасыз етілді.

Самат СҮЛЕЙ