Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Өскеменде қала билігі мен ереуілдеуші автобус паркі мәмілеге келер емес

AstanaTV
13.05.2014ж. 20:00
994
Өскеменде қала билігі мен ереуілдеуші автобус паркі мәмілеге келер емес

Өскеменде жолаушы тасымалдаушылар жыры шешімін еш табар емес. Мыңдаған қалалықтар екінші күн қатарынан автобус жүргізушілерінің сапасыз жұмысы салдарынан діттеген жерлеріне жете алмай әлек.

Бүгін қалалық әкімдік мәселені заңды жолмен шешу мақсатында облыстық прокуратураға жолаушы тасымалдаушылардың үстінен шағым түсірді. Күндізгі сағат 10.00 мен 15.00-дің арасында қызмет көрсетуден бас тартқан тасымалдаушылар енді заң алдында жауап береді.

Облыстық прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, іс сотқа дейін жетуі мүмкін. Себебі тасымалдаушылар келісімшартта көрсетілген міндеттерін орындамай отыр.

Рүстем Шідердинов, ШҚО прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің басшысы:

Олар тендерге қатысқан кезде белгілі маршруттарда графикпен жүруге қол қойған. Енді тек қана заң істеу керек. Қазір бұл келісім бұзылып отыр.

Қанат ОРАЛБЕК