Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Зейнетақы есептеу жүйесі өзгертілмек

AstanaTV
13.05.2014ж. 20:00
1033
Зейнетақы есептеу жүйесі өзгертілмек

"Базалық зейнетақы еңбек өтіліне қарай есептелсін". Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі осындай ұсыныс әзірлеп жатыр. Базалық зейнетақы қазір 10 мың теңге көлемінде. Ұсыныс қабылданса, зейнетақы есептеу жүйесі өзгереді.

Зейнетақы жүйесінің жаңа тұжырымдамасын таныстырған Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, зейнеткерлер бұл өзгерістен ұтпаса, ұтылмайды.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі:

Егерде азамат бір күнде жұмыс істемеген болса, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қосылмаған болса, онда бүгінгідей күнкөріс көлемінің 50% мөлшерінде әлеуметтік зейнетақы төленеді. Егер азаматтың 20-жылдық өтілі болса, онда базалық зейнетақы бүгінгі күнкөріс деңгейнің 70%-на тең болады. Ал егер 35 жылдық өтілі болса, 1998-ге дейін, 1998-ден кейін 100% күнкөріс деңгейінде базалық зейнетақы алатын болады.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА