$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Түркияда шахта жарылысынан 201 кенші мерт болды

AstanaTV
14.05.2014ж. 10:00
841
Түркияда шахта жарылысынан 201 кенші мерт болды

Түркияда шахта жарылысынан 201 кенші мерт болды. Тағы 75 адам түрлі дене жарақаттарын алды деп хабарлайды «РИА Новости» агенттігі, Түркияның энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Құрбан болғандардың нақты саны әлі де белгіссіз, - дейді Маниса қаласының әкімі. Қайғылы оқиға Маниса провинциясының Сома қаласының маңында орын алды. Бұған дейін шахтадағы жарылыстан жүздеген кенші тығырыққа қамалды деген ақпарат тараған.

Апат кезінде жер астында шамамен 580 жұмыскер болған. Олардың көбі жер бетіне өз беттерінше шыққан. Билік жарылыс тұйықталудың салдарынан болды деп отыр. Шахта маңында кеншілердің туған-туыстары жиналды.

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах