Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Нигерия билігі ұрланған оқушы қыздарды содырларға айырбастағысы жоқ

AstanaTV
14.05.2014ж. 10:00
937
Нигерия билігі ұрланған оқушы қыздарды содырларға айырбастағысы жоқ

Нигерия билігі ұрланған оқушы қыздарды содырларға айырбастағысы жоқ. Билік бұл ұсынысты тиімсіз деп тапты. Таяуда «Боко харам» радикалды тобы бейне үндеу тастаған еді. Онда исламистік топ лидері Абубакар Шекау «билік қамауға алынған содырларды босатпайынша, оқушыларды жібермейтінін» мәлімдеген.

Айта өтейік, ұрланған 276 оқушы қыздың 130-ға жуығы әлі тұтқында. Барлығы ислам дінін қабылдаған деген мәлімет бар. Бір бөлігі әскерилердің араласуымен босатылды. Бұған дейін радикалды топ мүшелері қыз балаларға мектепте оқудың қажеті жоқ, тұрмысқа шықсын деп сан мәрте айтқан еді. Осы кезде Абуджеде тұтқын қыздардың ата-аналары қарсылық шерулерін жалғастырып, биліктен құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды талап етуде.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА