$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Өскемендегі даулы объект құрылысы қайта жанданады

AstanaTV
14.05.2014ж. 10:00
919
Өскемендегі даулы объект құрылысы қайта жанданады

Өскеменде құрылысы жырға айналған «Көлік құрастыру саласының мамандарын даярлау колледжі» жуырда салынып бітуі мүмкін. Бұл туралы Білім және ғылым министрі хабарлады.

700 орындық оқу орнының құрылысы 2011-жылдың ақпан айында басталған. 2012-жылы нысан пайдалануға берілуге тиіс еді. Алайда жұмысына салғырттық танытқан мердігер фирмалардың салдарынан құрылыс сағызша созылып кетті. 2012-жылы нақ осы колледжді салуға арналған 1,5 миллиард теңге қаражатты жымқырды деген айыппен Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Саят Шаяхметов қамауға алынған болатын.

Осылайша білім ошағының студенттерге есігін айқара ашар күні алыстай түсті. Күні кеше министр Аслан Сәрінжіпов колледж құрылысының қайта жанданатынын мәлімдеді. Құрылысқа мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы бөлінетінін де хабарлады.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Бұл жоба «Кәсіпкер» холдингіне беріледі. Олар жоспарын құрып, келер жылы жұмысты бастайды, деп отырмыз.

Қанат ОРАЛБЕК