Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада «ақылды» технологиялардың «ASTEX-2014» халықаралық көрме-конференциясы өтті

AstanaTV
20.05.2014ж. 10:00
928
Астанада «ақылды» технологиялардың «ASTEX-2014» халықаралық көрме-конференциясы өтті

Қазақстанда "мобильді үкімет" қызметі дамитын болды. Яғни, электронды үкіметтің қызметі енді ұялы телефон арқылы да қолжетімді болмақ. Бұл туралы Астанада өткен «ақылды» технологиялардың "ASTEX-2014" халықаралық көрме-конференциясында айтылды.

"Қазіргі таңда әрбір қазақстандықта кем дегенде бір ұялы телефон бар. Осы ретте мобильді сауда жүйесін дамытып, электронды қызметтердің қолжетімділігін арттыру маңызды", - деді отандық байланыс және ақпарат агенттігінің өкілдері.

Сәкен Сәрсенов, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:


Электрондық сауда жүйесі әлемде аса қарқынмен дамып келе жатыр. Оның экономикаға берер әсері зор. Электрондық коммерцияның жалпы нарықтағы үлесі ағымдағы жылы 1,2 триллион долларға дейін жеткен. Бұл сала біздің елде де дамып келе жатыр. Көрсеткіштер жыл сайын екі есеге ұлғайып отыр.

Сондай-ақ, "АСТЕКС" аясында 2017 жылға қарай Қазақстанда озық технологияларға негізделген 5G байланыс стандарты енгізілетіні айтылды. «Әлемде бүгінде 5G жобасы даярлануда. Оны қабылдау 2017 жылға жоспарланып отыр. Менің ойымша, Қазақстан осы кезде бұл стандарттарды енгізуге дайын болады», - деді Сәкен Сәрсенов.

Сәкен Сәрсенов, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:

5G жаңа буынды телекоммуникациялық стандарт болып табылады. Мамандардың деректеріне қарағанда, 5G стандарты LTE (4G) жүйесімен салыстырғанда, мәліметтерді жіберу өткізу жылдамдығын еселеп арттыратын болады.

Жұрағат БАМАН