Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада «Қасиетті жол» қоғамдық қоры «Самұрық Қазына» қорының қолдауымен оңалту орталығын ашты

AstanaTV
19.05.2014ж. 20:00
1661
Астанада «Қасиетті жол» қоғамдық қоры «Самұрық Қазына» қорының қолдауымен оңалту орталығын ашты

Сал ауруына шалдыққан балалар ешбір квотасыз әрі емхана жолдамасын алмай-ақ арнайы ауруханада емделе алады. Бүгін Астанада «Қасиетті жол» қоғамдық қоры «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен оңалту орталығын ашты. Бүгінде республика бойынша бұл бағытта 5 арнайы орталық жұмыс істеп жатыр.

Астанада мұндай мекеме әзірге біреу. Медициналық кешеннің жылына 250-ден астам сырқат баланы қабылдауға мүмкіндігі бар. Әрбір бала 21 күндік 10 оңалту курсынан өтеді. Емнің алғашқы нәтижелері жаман емес. Ең бастысы барлық қызмет тегін. Жобаның жалпы құны 168 миллион теңгеге бағаланды. Болашақта елімізде дәл осындай тағы 8 орталық ашу жоспарда бар.

Гүлнар Төлегенова, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:

Диспорт деген препарат бар, спастиканың барлығын шығару үшін біз бұрын Израильге жіберетінбіз, Қытайға жіберетінбіз, қазір ондайды жасамаймыз. Қазір балалар осы жерден диспорт алып, сол массажды осы жерден алады. Қазір ата-аналарды да үйретіп жатырмыз массажға. Тек қана осы орталықта болмас үшін ата-аналар үйреніп жасап жатыр. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ