$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Алдағы күндері Қазақстанның кейбір аймақтарында қар жауады

AstanaTV
19.05.2014ж. 20:00
967
Алдағы күндері Қазақстанның кейбір аймақтарында қар жауады

Қазақстанның кей өңірлері қыстың ызғарымен қайта қауышқалы тұр. Синоптиктердің хабарлауынша, мамырдың 20-ы мен 22-сі аралығында еліміздің орталығы мен солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытады. Бұл аймақтарда түнде 2-7 градус жылы, кей жерлерде минус 3 градусқа төмендеп үсік жүруі мүмкін. Ал күндіз температура плюс 8-13 градус шамасында сақталады. Бүгіннің өзінде Астанада күн бірден салқындап кетті.

Алуа Саханова, "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі:

Республикамыздың солтүстігінде, орталығында, шығысында сондай-ақ, жауын-шашынды болады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, кей жерлерде 3 градус жылы болады, кей жерлерде 10-15 кей жерлерде 7 градусқа дейін төмендейді.

Илхам ИБРАХИМ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах