Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қытайдан Қазақстанға қыруар қаржы тартылмақ

AstanaTV
20.05.2014ж. 10:00
964
Қытайдан Қазақстанға қыруар қаржы тартылмақ

Қытай Қазақстанға Шанхай еркін сауда аймағын дамытуға белсене қатысуды ұсынды. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шанхайда кеңейтілген құрамдағы қазақстан-қытай екі жақты келіссөздері барысында осылай деді.

Айта өтейік, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары барысында бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды. Оның аясында Қазақстанға Қытайдан қыруар қаржы тартылмақ.

Атап айтсақ, Қазақстанның даму банкі мен Қытайдың «Эксимбанкі» арасында меморандум жасалды. Жаңа келісім Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта құрып, жаңартуға қосымша қаржы тартуға мүмкіндік береді.

Осы мақсатқа Қытай тарапы бір миллиард доллар бөлмек. Сәйкесінше, жаңартудан соң «Петро Қазақстан Ойл Продактс» компаниясы экологиялық таза жанар-жағармай шығарып, жылына 6 миллион тонна отын өндірмек. Сондай-ақ, Қазақстанның Даму банкі мен Қытай Мемлекеттік даму банкі арасында жалпы сомасы 500 млн долларды құрайтын несие желісі туралы Бас келісімге де қол қойылды.

Илхам ИБРАГИМ