Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақтауда «Береке басы - бірлікте» атауымен айтыс өтті

AstanaTV
20.05.2014ж. 10:00
1603
Ақтауда «Береке басы - бірлікте» атауымен айтыс өтті

«Береке басы - бірлікте». Ақтауда осындай атаумен Республикалық ақындар айтысы өтті. Жыр додасы «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай, партияның мұрындық болуымен ұйымдастырылған.

Айтыста суырып салма өнерінің танымал 10 ақыны мен Қытайдан келген мейман да бақ сынады. Қайым айтыс, өтірік өлең және бейнесұрақ түрінде өткен сайыстың басты мақсаты - «Нұр Отан» партиясының соңғы 15 жылдағы қызметінің маңызды кезеңдерін бағалау.

Сондай-ақ, Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын насихаттау. Жыры-жалын, тілі-қанжар сөз шеберлерінің өнерін Мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы бастаған қазылар алқасы бағалады. Жалпы жүлде қоры 8 миллион теңге. Басты жүлде 2 миллион теңге атыраулық айтыскер Саадат Нұрмановқа бұйырды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА

Алдыңғы жаңалық