$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Қазақстан мен Қытай ұшақ шығару зауытын құруға келісті

AstanaTV
20.05.2014ж. 13:00
1493
Қазақстан мен Қытай ұшақ шығару зауытын құруға келісті

Қазақстан мен Қытай авиациялық бизнесті бірлесе дамытуға мүдделі. Қытайлық компания біздің елімізде шағын жолаушылар ұшағын шығаратын кәсіпорын құрылысын жолға қоюға әзірлік танытты. Бұл келісімге Қазақстан президентінің Қытай халық республикасына сапары шеңберінде қол жеткізілді. Шанхайдан арнаулы тілшіміз Асан Қалиахмет телефон арқылы хабарлайды.

Сунья
Фан, «HUAWEI» компаниясы директорлар кеңесі төрайымы:

Интернет қызметін ұсынуда біздің компаниямыздың тәжірибесі орасан. Біз Қазақтелекоммен тығыз қарым-қатынастамыз. Миллионға жуық қонақ келетін
EXPO-2017 қарсаңында сапалы, ұшқыр интернет қызметін көрсету мәселесі өте өзекті.

У Гуаньцюань, AVIC INTL компаниясы президенті
:

Біз шағын ұшақтар өндірісін жолға қоюды ұсынамыз. Олар 9-12 орындық шағын жолаушылар ұшағы және ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын көлік. Олар қазір сертификациядан өтті. Қазақстандық тасымалдаушылар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін таптырмас көлік болады деп ойлаймын.

Асан ҚАЛИАХМЕТ