$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Молдова СІМ: Молдованың жаңа ұрпағы Еуропалық одақта өмір сүреді

AstanaTV
20.05.2014ж. 13:00
903
Молдова СІМ: Молдованың жаңа ұрпағы Еуропалық одақта өмір сүреді

Молдваның жаңа ұрпағы Еуропалық одақта өмір сүреді. Осылай деп елдің сыртқы істер министрі Наталья Герман мәлімдеді. Айтуынша, Еуропа Молдованың бұл ұсынысын қарастыруға дайын болмаса да, Кишинев алға қойған мақсатынан бас тартпайды.

Ведомство басшысы «27 маусымда Брюсселде Еуропалық Одақ ассоциациясы бойынша келісім жайында уағдаластық жасалғанмен, ол аздық етеді. Молдова еуроинтеграцины қалайды», - деді.

Еске салсақ, 15 мамырда Брюссельде Молдова үкіметінің басшысы мен Еуропалық Одақтың атқарушы алқа басшысы кездесті. Тараптар еркін тауарайналым жүйесін сөз етті. Сондай-ақ, Еуроодақ Молдованың кәсіби-техникалық білім беру жүйесін қолдау үшін 35 миллион еуро көлемінде қаржылай көмек көрсетуге уәде берді.

Наталья
Герман, Молдова сыртқы істер министрі:

Біздің өзге амалымыз жоқ. 10 жыл, одан көп уақыт өтсін. Ақыры Еуропалық одаққа қосыламыз деп ойлаймын. Жаңа ұрпақ Еуропалық одақ азаматтары боларына сенімдімін.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА