Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мысырда Мүрсидің 169 жақтасы ақталды

AstanaTV
20.05.2014ж. 13:00
661
Мысырда Мүрсидің 169 жақтасы ақталды

Мысырдың экс-президенті Мүрсиді жақтаушы 169 адам сот залынан босатылды.

Айта кетейік, оларға 2013 жылдың тамызында Каир қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты айып тағылған болатын. Бұған қоса коменданттық уақытты бұзып, лаңкестік әрекеттер жасаған деген күдікке ілінген. Бұл «Мұсылман бауырлар» тобының жақтастарына қатысты шыққан алғашқы «жаппай ақтау» шешімі.

Бұдан бұрын сәуір айы аяңында Эль-Минья провинциясында осы топтың 683 мүшесі өлім жазасына кесілген болатын. Олардың қатарында Мүрсидің серіктесі Мұхаммед Бади де бар.

Ал наурызда «Мұсылман бауырларының» 529 жақтаушысы қамауға алынды. Олардың 37 -сіне қатысты сот өлім жазасын, қалған 492 адамға өмір бойғы жаза тағайындады.

Айта кетейік, елдегі өмір бойғы жаза 25 жылға ғана беріледі.

Жұрағат БАМАН