$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Қарағандыда үй құстары арасында Азия обасы тарады

AstanaTV
20.05.2014ж. 13:00
1318
Қарағандыда үй құстары арасында Азия обасы тарады

Азия елдеріндегі үй құстарына тарайтын оба ошағы Қарағанды облысында тіркелді. Шет ауданыны қарасты Талды ауылында үй құстары жаппай қырылып жатыр. Өткен бейсенбіден бүгінге дейін 169 тауық өлген. Шет ауданының мал дәрігерлері құстардың жаппай қырылу себебі азиялық обадан болып отыр дейді. Өлген тауықтан үлгі алынып, Астанадаға ұлттық ветеринарлық қадағалау орталығының зертханасында жіберілген.

Тексеріс нәтижесінде құстардың Азия обасын жұқтырғаны анықталыпты. Мамандар дерттің жақын маңдағы ауылдарға таралып кетуінен қауіптенеді. Шамамен 160 түтіні бар Талды ауылының маңына қазір екі бақылау бекеті орнатылды. Азия обасы дертіне шалдыққан балапандардың тірі қалуы екіталай.

Айта кетейік, вирусты ауру ағзаның ішкі құрылыстарын зақымдайды. Жергілікті мал дәрігерлері бұл дерттен адамдарға да қауіп бар екенін жасырмайды.

Мансұр ЕСҚОЖИН