$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Жалпы ұлттық электр нарығының тұжырымдамасы дайындалып жатыр

AstanaTV
20.05.2014ж. 20:00
1082
Жалпы ұлттық электр нарығының тұжырымдамасы дайындалып жатыр

Еуразиялық экономикалық одақ аясында құрылатын жалпы ұлттық электр энергетикасы нарығы елдегі қуат көзінің құнына әсер етпейді. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрілігінің өкілдері хабарлады. Бүгінде жалпы ұлттық электр нарығының тұжырымдамасы дайындалып жатыр. Құжат алдағы жылдың 1 шілдесіне дейін дайын болмақ.

Одан соң 2016 жылға дейін бөлек бағдарлама әзірленеді. Ал жалпы ұлттық электр энергетикасы нарығы 2019 жылдан бастап құрылады. Айта кетерлігі, Қазақстан осы интеграция арқасында экспорттық әлеуетін арттырады. "Ал электр энергиясының импорты бізге керек жоқ. Елімізде өндірілетін қуат көзі жеткілікті", - дейді Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жасқалиев.

Бақытжан Жақсалиев, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары:

Қазақстан көрші елдердің электр энергетикасына тәуелді емес. Біз өз тұтынушыларымызды өзіміз қамтамасыз етіп отырмыз. Осы үш елді алсақ, бұл интеграция электр энергетикасы бойынша бізге өте тиімді. Өйткені бізде қуат көзіне қажетті табиғи энергетикалық қоры жеткілікті. Сондықтан, интеграцияның қиындығы жоқ.

Сұңғат Есімханов, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі департаментінің бастығы:

Қазір Қазақстандағы электр энергетикасының тарифі көршілерге қарағанда төмендеу, Ресей Федерациясында, Белоруссияда қымбат. Біріккенде біздің бағаны көтермеу үшін жұмыс жасалды. Жалпы нарық құрылған кезде бізде ұлттық деңгейде тарифтерде қалдыру мәселесі шешілді деп айтуға болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ