$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Еуразиялық экономикалық интеграция - ұзақ жылғы келіссөздер мен әріптестік нәтижесі

AstanaTV
20.05.2014ж. 20:00
1223
Еуразиялық экономикалық интеграция - ұзақ жылғы келіссөздер мен әріптестік нәтижесі

Ал Еуразиялық экономикалық интеграция - ұзақ жылғы келіссөздер мен әріптестік нәтижесі. Хронологиясына көз жүгіртсек,

"Жаңа экономикалық бірлестік бастауы 1995 жыл Кедендік одақ құру туралы келісімінен таралады. 2003 жылы бірыңғай экономикалық кеңістікті құру туралы келісімге қол жеткізілсе, әу баста бұл келісімді Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина қабылдады. 2010 жыл Кедендік одақ құрылып, 2011-де Еуразиялық экономикалық интеграция туралы декларация қабылданды.

Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылғаны - 2012 жыл. Ал 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі құжаты - мемлекеттераралық шартқа - қол қойылмақ. Еуразиялық экономикалық одақ аумағы бойынша әлемдік бірлестіктер арасында бірінші орында тұр. Үш ел территориясы 20 млн шаршы шақырымнан астам. Ортақ нарықта шоғырланған халық саны - 170 млн адам". 


Айгүл ӘДЕПБАЙ