$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Бауыржан Байбек неміс Бундестагының депутаты Фридберт Пфлюгермен кездесті

AstanaTV
20.05.2014ж. 20:00
1300
Бауыржан Байбек неміс Бундестагының депутаты Фридберт Пфлюгермен кездесті

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Еуропаның "Христиан-Демократиялық одағының" сыртқы саясат бойынша өкілі, неміс Бундестагының депутаты Фридберт Пфлюгермен кездесті. Ресми жиын барысында тараптар Астанада өтетін "Экспо-2017" көрмесі барысын талқылады. Екі жақ қос партияның центристік идеология мен құндылықтары жағынан ұқсастығын атап өтті.

"Нұр Отан" мен "Христиан-Демократиялық одағының" саяси доктриналарындағы адам және бостандық, заң үстемдігі, дәстүр мен отбасы сияқты бағыттары да үндес көрінеді. Сонымен қатар тараптар "Нұр Отан" партиясының Қоғамдық саясат институты мен Конрад Адэнауэр атындағы қор арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Аталмыш қор әлем бойынша 120 мемлекетте демократия мен әлеуметтік экономикалық нарықтың дамуына үлесін қосып келе жатқан институт.

Бауыржан Байбек, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Біз үшін "Христиан-Демократиялық одағымен" ынтымақтастық орнату маңызды. Қос партияны центристік және консервативтік құндылықтарымыз біріктіреді. Болашақта Адэнауэр атындағы қор мен "Нұр Отан" партиясының Қоғамдық саясат институты арасында ынтымақтастық орнатылатынына сенеміз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ