Мәскеу түбінде жүк пойызы мен
жолаушылар пойызы соқтысып қалды. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс
қозғалды.
Тергеушілер, пойызда қауіпсіздік
ережелері сақталмаған деген пікірде. Апат
болған жерде құтқару шаралары әлі күнге дейін жалғасуда. Оқиға орнына 3 тікұшақ, 30-ға жуық жедел жәрдем көлігі жіберілді. Апаттан 9 адам мерт болып, 50-і түрлі
деңгейдегі жарақат алған. Ал Ресей билігі тек 5 адам қаза тапты, деп ресми
түрде хабарлауда.
Куәгерлердің айтуынша, тауар тиеген поезд рельстен шығып кетіп, Кишинев
бағытындағы жолаушылар тасымалдайтын екі бірдей пойызды соғып өткен. Бірнеше вагонның тас-талқаны шыққан.