Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астанадан еліміздің бірнеше қалаларына ұшақтар ұшпайды

AstanaTV
22.05.2014ж. 10:00
1016
Астанадан еліміздің бірнеше қалаларына ұшақтар ұшпайды

Астанадан Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Семей мен Шымкентке ұшатын таңғы әуе рейстері кесте бойынша аттанбайды. Бұл туралы Астана халықаралық әуежайы хабарлады.

Бүгіннен бастап 25 мамырға дейін Астананың әуе кеңістігі таңғы 10 мен 13-00 аралығында жабылатынын хабарлағанбыз. Бұл KADEX-2014 көрмесінің аясында өтетін оқу-жаттығуларға байланысты. Осы себепті барлық таңғы рейстер түстен кейінгі уақытқа ауыстырылып жатыр.

Айта өтейік, Астана әуежайы маңында ІІІ халықаралық «KADEX-2014» қару-жарақ және әскери-техника көрмесі қазір ғана ашылды.

Илхам ИБРАГИМ