$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қытайдың бірінші ханымы «Қарлығашты» шырқады

AstanaTV
27.02.2016ж. 20:00
3808
Қытайдың бірінші ханымы «Қарлығашты» шырқады

Ал Қытайдың бірінші ханымы қазақ әнін шырқап, казнетті дүр сілкіндірді. ҚХР  төрағасы Си Цзиньпиннің жұбайы Пэн Лиюань қазақтың әні «Қарлығашты» келістіріп орындаған. Әрине әннің сөздері қытайша, бірақ мелодиясы біздікі. Қазақтың дара композиторы Ахмет Жұмабновтың әйгілі «Қарлығашының»  музыкасын мамандарды айтпағанда, қарапайым желі қолданушылары жазбай таныды. Тыңдап көрсеңіз, сіз де танисыз.

клип: «Қарлығаш» әні қытайша шырқалады

Бейнебаянның қашан түсірілгені белгісіз. Әнніңаты да, авторы да көрсетілмеген. Айтакетерлігі, ПэнЛиюань Қытайдың танымал дәстүрлі әншісі. Көптеген ән байқауларының жүлдегері. «Дәстүрлі музыка» мамандығы бойынша білім алған. 18 жасынан бастап Қытай халық-азаттық армиясы сапында. Талай рет әскери бөлімдерге барып, концерттер қойған. Осының арқасында генерал-майор шенін алған.

Ал негізі қазақ әндері көрші елде сұранысқа ие екен. Оны «Қарлығаш» әнін Пэн Лиюаньнің орындағанына байланысты комментарий сұраған «Астана» арнасының тілшілеріне Қытай елшісі айтты:

Чжан Ханьхой, ҚХР Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

Қазақ әндері Қытайда өте танымал. Қазақ әншілері Қытайда қазақ әндерін жиі айтады. Сондықтан қазақ әндерін бізде орындау өте белең алып барады. Халық сол мелодияны, сол сұлулықты жақсы көреді. Бірінші ханым Пэн Лиюань ханым Дариға Назарбаевмен жақсы қарым-қатынаста. Қытайлықтар бірінші ханымды өте жақсы көреді. Біздің басшылық бізге жақсы үлгі көрсетті.