$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ақтөбеде жаңа туған нәрестесін дәретханаға тастаған ана 4 жылға дейін абақтыға қамалуы мүмкін

AstanaTV
13.05.2016ж. 20:00
1677
Ақтөбеде жаңа туған нәрестесін дәретханаға тастаған ана 4 жылға дейін абақтыға қамалуы мүмкін

Ақтөбеде жаңа туған нәрестесін дәретханаға тастаған ана 4 жылға дейін абақтыға қамалуы мүмкін. Полицейлер бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғандығын жеткізді. Әзірге көкек ана табылған жоқ.

Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Аталған баптың санкциясына сәйкес 4 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасын қарастырған. Қазіргі таңда баласын тастап кеткен азаматшаның жеке тұлғасы мен тұрғылықты жерін анықтау мақсатындағы жедел іздестіру іс шаралары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, кеше ақтөбелік тұрғын ауласындағы дәретханадан шақалақты тауып алған болатын. Нәресте қазір облыстық перинаталдық орталықта. Оған дәрігерлер Мәншүк Мәметова деген есім беріпті. 

Мансұр ЕСҚОЖИН