Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбе облысында қырылған сиырлардың иелеріне өтемақы төленбейді

AstanaTV
13.05.2016ж. 20:00
1360
Ақтөбе облысында қырылған сиырлардың иелеріне өтемақы төленбейді

Ақтөбе облысындағы пастереллездан қырылып қалған ірі қараның иелеріне өтемақы төленбейді. Бұл туралы бүгін Ақтөбеде БАҚ өкілдерімен кездескен Қобда ауданының әкімі Асқар Жүсібалиев айтты.

Асқар Жүсібалиев, Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі:

Үкіметтің 407-ші қаулысы бар. Сол қаулыда пастереллез ауруы, жаңағы үкімет тарапынан өтеуге пастереллез ауруы кірмейді.

Естеріңізге сала кетсек, сәуір айының соңында аталған ауданға тиесілі Әлия ауылы тұрғындарының қорасындағы малы дертке шалдыққанын айтқан еді. Бірақ қанша малдың қырылып қалғаны туралы дерек жоқ. Ал ауруға шалдыққан 150-ден астам сиырды келісін 900 теңгеден ет комбинатына тапсыруға мәжбүр болған. Жүргізілген сараптама нәтижесінде үй жануарларының пастереллез ауруына шалдыққаны белгілі болған. 

Мансұр ЕСҚОЖИН