Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жамбыл облысында жас отбасы сәбиінің шетінеуі медицина маманының кінәсінен екені анықталды

AstanaTV
13.05.2016ж. 20:00
1575
Жамбыл облысында жас отбасы сәбиінің шетінеуі медицина маманының кінәсінен екені анықталды

Жамбыл облысында құрсақтағы сәбидің тумай жатып шетінеуіне медицина маманының кінәсі бар екені анықталды. "Ауылдық акушер өзінің дәрігерлік міндетін дұрыс атқармаған", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Гүлсім Жақсыбекова.  Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстағы департаменті тексеріс жүргізген. Қорытындыға сай зейнет жасындағы акушерге аудандық аурухана басшылығы шара қолданған.

Гүлсім Жақсыбекова, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының уақытша  міндетін атқарушы:

Дәрігерлік амбулаториядағы акушерка бірінші рет ақпанда келген кезде дер кезінде тексеруге алу керек еді. Уақытысын өткізіп жіберген. Іс-әрекеті дұрыс болмаған. Уақытысында диагностика жасамаған. Өзінен жоғары дәрігерлерге айтпаған. УЗИ-ға жібермеген. Акушеркаға қатаң сөгіс жарияланды. Баланың жүрек қағысы мен қолқа тамырдың соғысын шатастырып алған.

Еске салайық, Байзақ ауданы Дихан ауылында тұратын Илибаевтар отбасы арнамызға арызын айтқан болатын. Олар баланың құрсақта шетінеп кетуіне ауылдық акушерді кінәлаған еді. Ай-күні жетіп қалған шақалақ өлі күйі 3 апта бойы құрсақта жатқан. Жас отбасы жатырдағы баланың шетінегенін аудандық ауруханада тексерілгенде бір-ақ білген. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ