Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Невада-Семей» қозғалысына 25 жыл!

AstanaTV
22.05.2014ж. 20:00
1213
«Невада-Семей» қозғалысына 25 жыл!

«Невада-Семей» қозғалысына 25 жыл! Атаулы күнге арналған республикалық конференция Алматыдағы Ғылым ордасында өтті. Жиынға белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен ғалымдар, еліміздің әр өңірінен келген делегаттар қатысты. 

Сонау 1949 жылдың қасіретін жырлайтын мұңды әнді жиналған жұрт тік тұрып тыңдады. Жиында алғашқы болып сөз алған қозғалыс жетекшісі, ақын Олжас Сүлейменов қозғалыстың қалыптасу тарихы жайындағы естеліктерімен бөлісті. 25 жылда атқарылған жұмыстарға бағасын берді, ортақ мұратты көздеген қатысушы замандастарына алғысын білдіруді де ұмытпады. 

Гүлдана Хасенова, «Невада-Семей» қозғалысының халықаралық қатынастар жөніндегі хатшысы:

Неваданын бірінші мақсаты - дүние жүзі ядролық қарусыз болсын. Сол үшін атсалысып жатырмыз бүгін. Жастар көп бүгін көріп отырсыз, осы ісімізді біз келешек ұрпақтардың қолына беріп отырмыз.

Кәріпбек Күйіков, «Невада-Семей» қозғалысының мүшесі:

Өз басым 1989 жылдан бері қозғалыс қатарына қосылдым. Дәл осы қозғалыстың арқасында күллі әлем қазақ елі басынан кешкен қасірет жайында білді. Біз ядролық қарудан түбегейлі бас тартқан елде өмір сүріп жатқанымызды мақтан етуіміз керек!

Ал тамыз айының 29-ыншы жұлдызында қозғалыс белсенділері Семейде халықаралық конференция ұйымдастырмақ. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, ядролық қаруға қарсы күрес жақтаушылары мен түрлі сала мамандары қатысады деп жоспарланған.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ