Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қарағанды автобустарының жолақысы 80 теңге күйінде қалатын болды

AstanaTV
23.05.2014ж. 13:00
947
Қарағанды автобустарының жолақысы 80 теңге күйінде қалатын болды

Қарағандыда қоғамдық көлікте жүру құны 80 теңге болып қала беретін болды. «Гарант» қоғамының құқық қорғаушылары сотта тарифты өзгертуге қол жеткізе алған жоқ. Қоғамдық ұйым заңгерлері қазірдің өзінде аудандық және экономикалық соттан өтті.

Алайда жауапкер ретінде қала әкімі аппараты жетекшілері мен жолақыны көтеруге дауыс берген депутаттарды сотқа шақыра алмады. Бірақ қоғамдық ұйымдағылар бұдан жоғарғы тұрған сот органдарына шағымданып, шындықты дәлелдейміз деп отыр.

Олардың айтуынша, қаладағы барлық автобустар әлеуметтік маңызы бар тасымалдаушылар санатына еніп, жылма-жыл шығындары үшін қалалық қазынадан дотация алып тұрады. Тек 2013-жылы №3 автопарк 260 миллион теңге алған.

Ирина Фурсова, «Гарант» тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамының жетекшісі:

Қаулы тек үздіксіз тасымалдаушыларға арнап шығарылған. Бұл - маршруттық таксилер, бұл ұсақ тасымалдаушылар. Міне
, солар ғана 80 теңгеден тасымалдауы керек. Ал автобустарда, әлеуметтік маңызды тасымалдаушылар ретінде 50 теңге қалу тиіс. Олар үшін тариф өскен жоқ. Бірақ сот біздің дәлелімізді тыңдамады.

Базаргүл ІЗІМОВА

Алдыңғы жаңалық