Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті

AstanaTV
23.05.2014ж. 20:00
808
Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті

Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысушы Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті. Онда форумның миссиясын жүйелі негізде орындай алатын орган құру туралы мәселе көтерілді. Мемлекет басшысы бұл идеяны қолдап, кездесуге қатысушыларды таяу уақытта мұндай органның Астанада құрылатынына сендірді.

Сондай-ақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаев VІІ Астана экономикалық форумы аясында БҰҰ өкілдерімен кездесті. Оған ұйымның Бас хатшысының орынбасары Гьян Ачария, Экономикалық және әлеуметтік кеңес президенті Мартин Сайдик, Бас хатшының арнаулы кеңесшісі Ноэлин Хейзер қатысты. Онда Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Ұйымның қызметін белсене қолдап келе жатқанына тоқталды. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА