Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ал «Гүлнар Тур» компаниясының басшылығы рейстердің кешігуі туралы түсінік берді

AstanaTV
23.05.2014ж. 20:00
1038
Ал «Гүлнар Тур» компаниясының басшылығы  рейстердің кешігуі туралы түсінік берді

«Гүлнар Тур» компаниясының басшылығы бұл жағдайға қатысты біздің арнаға телефон арқылы түсінік берді. Олар рейстердің кешігуіне Түркия жағы кінәлі дейді. Компания директорының орынбасары Анна Исмаилованың айтуынша, Өскеменнен Анталияға ұшпақ болған Джет Эйрлайнс компаниясының самолеті екі күн бойы ұшуға рұқсат ала алмай бөгелген. Сол себепті өзге қалалардағы рейстердің де ұшу кестесі бұзылып отыр.

Анна Исмаилова, «Гүлнар Тур» компаниясы директорының орынбасары:

Біз Джет Эйрлайнстан ұшуға рұқсат күттік. Ал самолеттердің саны шектеулі. Сондықтан рейстер уақытынан біраз кешігіп қалды. Яғни Қостанай, Шымкент Ақтөбе қалаларындағы туристер белгіленген уақытта ұша алмады. Енді бәрі реттелді. Дүйсенбіден бастап ұшу кестесі толықтай орнына келеді.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ