$498.55 €524.28 ₽4.75
×

2016 жылы республиканың барлық өңірі онкологиялық скринингтермен толық қамтамасыз етіледі

AstanaTV
26.05.2014ж. 13:00
902
2016 жылы республиканың барлық өңірі онкологиялық скринингтермен толық қамтамасыз етіледі

2016 жылы еліміздің барлық өңірі онкологиялық скринингтермен қамтамасыз етіледі. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгінде өңеш, асқазан, бауыр және без обырларына жүргізілетін скринингтерге кезең-кезеңмен жыл сайын 6 өңірден қосылуда. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың тамыз айында Семейде Ядролық медицина орталығын ашу жоспарланып отыр. Онда Қазақстанда алғаш рет қатерлі ісікті емдеудің заманауи әдісі қолданылмақ.

Министрліктің таратқан ақапарына сай, онкологиялық қызметтің 53 маманы шетелдердің озық онкологиялық орталықтарында оқып қайтты. Халықаралық сарапшыларды шақырта отырып, шеберлік сабақтары өткізіліп, 400-ден аса маман білімдерін толықтырды. Жалпы, бүгінгі таңда елімізде онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың электрондық тізілімінде 146 мыңнан аса адам тіркелген.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА