Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Уолт Дисней» кинокомпаниясының тағы бір туындысы қазақша шықты

AstanaTV
28.05.2014ж. 13:00
2943
 «Уолт Дисней» кинокомпаниясының тағы бір туындысы қазақша шықты

«Уолт Дисней» кинокомпаниясының тағы бір туындысы қазақша шықты. Әйгілі «Голливудтың» «Малефициента» атты картинасын мемлекеттік тілге аудару ісін - «Самұрық қазына» ұлттық әл-ауқат қорының демеушілігімен және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен жергілікті дистрибьютерлік компания жүзеге асырды. Балаларға арналған фильмді қазақша сөйлету үшін мамандарға бір емес, бірнеше ай тер тегуге тура келген.

«Голливуд» киносы тағы да қазақша сөйледі. Айта кетейік, бұл - «Болашақ» қауымдастығы аударған сегізінші жоба. Бұның алдында «Көліктер-2», «Қара киімділер-3», «Батыл жүрек», «Жаңа Өрмекші-адам», «Монстрлар Университетi», «Жалғыз рейнджер», «Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат» фильмері қазақша сөйлеген болатын.

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

«Болашақ» қауымдастығы 4 жылдан астам осындай жобаларды бастады. Осы төрт жылдың ішінде сегіз жоба дүниеге келді. Негізі «Болашақ» қауымдастығының негізгі мақсаты бұл озық технологиялар арқылы голливудтық фильмдерді - қазақ тіліне аудару.

Disney-дің мистикалық блокбастерінде Анджелина Джоли ойнаған басты кейіпкер Малефисентаны дыбыстаған Гүлнәз Әуесбаева дубляждағы әрбір дауысты дыбыстайтын актерлерді «Уолт Дисней» компаниясының өзі таңдағанын айтады. «Шетелдік мамандардың талабы жоғары. Сыннан сүрінбей өткеніме қуаныштымын», - дейді ол.

Гүлнәз Әуесбаева
, актриса:

Бұл фильмге кастинг жарияланған кезде мен көптеген талантты әріптестеріммен бірге бардым. Осы актрисаның дауысына менің даусым сәйкес келгеніне қуаныштымын. Ол мен үшін актриса ретінде үлкен жетістік. Дыбыстаған кезде мен бұл рольді зерттедім, өйткені оны сомдаудың алдында біз рольді талдаймыз, анализ жасаймыз, зерттейміз.

Блогбастер 3 Д аймакс форматында көрсетілді. Көрермен қауым сапалы дыбыс пен көркем көрініске тәнті болды. Фильм жанры негізінен балаларға жақын. Бұл себепті киноның күлкілі сәттері де көп болды. Әсіресе, балдырғандардың қуанышында шек жоқ.

Меруерт Калимжанова
:

Бұл фильм маған жалпы түсірілуімен ұнады. Қазақ тіліне аударылуымен ұнады. Ұйымдастырушыларға көптеген ра
қмет. Себебі, өз ана тілімізде бұл фильмді көру өте қатты қуаныш.

Премьера қарсаңында қазақ тілін қолдаушылар «Қазақша сөйлеуді өзіңнен баста» атты флеш-моб ұйымдастырды. Жастардың бойындағы патриотизмді жани түсетін бұл шараға 80-ге жуық адам қатысты.

Жұрағат БАМАН