Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Оралда «Теңізшевройл» өз өндірісінде батыс қазақстандық үлесті арттыруды көздеп отыр

AstanaTV
27.05.2014ж. 10:00
871
Оралда «Теңізшевройл» өз өндірісінде батыс қазақстандық үлесті арттыруды көздеп отыр

«Теңізшевройл» өз өндірісінде батыс қазақстандық үлесті арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы Оралға іссапармен келген «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тимоти Миллер мәлімдеді.

Оралдық машина жасау кәсіпорындарын аралаған Тимоти Миллер «Келешектегі кеңейту жобасы» туралы әңгімеледі. Атыраудағы теңіз кенішін игеріп жатқан «Теңізшевройл» - Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Былтыр «Теңізшевройл» қазақстандық компаниялардың өнімін сатып алуға 2,3 млрд доллар жұмсаған екен. Компанияның бас директоры Тимоти Миллер жергілікті өндірушілердің есебінен биыл бұл көрсеткішті 7 млрд долларға жеткізбек ниетте.

Сондықтан, компания өкілдері батыс қазақстандық кәсіпкерлермен әріптестік байланыс орнатуға мүдделілік танытып отыр. Компания сервистік қызмет түрлерін және қажетті өнімдерді Орал қаласындағы ірі зауыттардан сатып алады.

Тимоти
Миллер, «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры:

Осы сапарымызда өңір басшысымен қазіргі және келешектегі жоспарларды талқыладық. Батыс Қазақстанның біздің өндірістегі үлесін арттыру ісіне байланысты қажетті салалар жайын сөз қылдық. Енді облыс кәсіпкерлерімен өтер кездесулерді асыға күтеміз. Бүгін жергілікті компаниялардың жұмысымен танысқан кезде олардың мүмкіндіктері зор екендігін аңғардық.

Еркін ҚАРИН