Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Отан үшін отқа түскендер» фильмін оңтүстік жұртшылығы тамашалауда

AstanaTV
13.05.2016ж. 20:00
4153
«Отан үшін отқа түскендер» фильмін оңтүстік жұртшылығы тамашалауда

«Отан үшін отқа түскендер» фильмін осы аптада Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы тамашалай алды. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында тұсауы кесілген туындының ұзақтығы бір сағат.

Зауытбек Тұрысбеков Қазақстанның Украина мен Молдова Республикаларының Төтенше және Өкілетті Елшісі болған кезінде Ресей мұрағаттарын тынбай ақтару нәтижесінде көптеген дүниеге қол жеткізгенін айтады. Фильмде қазақтың қаһарман ұлдары Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаевтардың майдан даласындағы өмірі қамтылған. Айта кетейік, жуырда Ресейде ұйымдастырылған байқауда аталған фильм бас жүлдені жеңіп алған.

Зауытбек Тұрысбеков, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Жастар білу керек тарихты. Жастар осының бәрін зерттеу керек. Себебі қазір қанша осы сұрастырып жатасың, сұрақ бересің, көбісі  білмейді. Атын білсе де, ал не істеген бұл батыр ағаларымыз. Сол себептен осы бір сағаттық фильм соған арналған.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ