Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Нигерия полициясы тұтқынға алынған оқушы қыздардың қайда орналасқанын анықтады

AstanaTV
28.05.2014ж. 10:00
907
Нигерия полициясы тұтқынға алынған оқушы қыздардың қайда орналасқанын анықтады

Нигерия үкіметі тұтқынға алынған оқушы қыздардың қайда қамалып отырғандарын анықтады. Бұл туралы Нигерияның қорғаныс штабының бастығы Алекс Бадех мәлімдеді.

Алайда, тергеу шараларының құпиялылығына байланысты, олардың қандай жерде жатқандары нақты айтылмауда. Себебі, ол тұтқында отырғандардың өзі үшін қауіп тудыруы ықтимал.

Бадехтың айтуынша, олар әскери операция кезінде айқаспалы атыстан зардап шегулері мүмкін. Ал жоғалған қыздардың жақындары наразылық шараларын жалғастыруда. Олар, құқық қорғаушылар ешқандай іс әрекет жасамай отыр деген айып тағуда. Бүгінде жүздеген адам наразылық шараларына қатысуда.

Айта кетейік, 2014 жылдың 14 сәуірінде «Боко Харам» жауынгерлері 276 мектеп оқушысын ұрлап әкеткен болатын. Олар тұтқындарды өздерінің түрмеде жатқан жолдастарына айыр бастамақ ниеттерін білдірген. Оқушыларды іздеу жұмыстарына Британия, Франция және АҚШ елдерінің арнайы топтары жұмылдырылған.

Жұрағат БАМАН