Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Сириядағы ұрысқа қатысқан қазақстандық сотталды

AstanaTV
29.05.2014ж. 10:00
1163
Сириядағы ұрысқа қатысқан қазақстандық сотталды

Сириядағы соғысқа қатысқан алматылық тұрғын 7 жылға бас бостандығынан айрылды.

Істі қараған Алматы қаласындағы Алмалы аудандық соты, айыпталушы Кәміл Абдуллинді Қылмыстық кодекстің 3 бірдей бабы бойынша кінәлі деп тапты. Құзырлы орындардың дерегіне сүйенсек, 29 жастағы Кәміл Абдуллин Алеппо қаласындағы қарулы қақтығысқа қатысқанын және Сириядағы жиһадқа шақыру туралы бейнероликке түскенін мойындаған. «Абузар» лақап атын жамылған ол, «Ескі Түркістан» моноұлттық лаңкестік тобы құрамына кіріп, әскери дайындықтан өтіп, суық қаруды қолдануға машықтанған.

Қуандық Ешімет, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:

Алматы қаласы Алмалы ауданының соты 2014 жылдың 27 мамырдағы сот үкімімен Камиль Абдуллинге ҚР ҚК 233 2-бабы 2-бөлімімен 7 жылға жалпы режимдегі колонияда түзеу жазасы тағайындалды. Абдуллиннің нақты мақсаты - ақша табу, бірақ ол жерде теоррористік топ дұрыс емес соғысқа дайындалған болғандықтан, ол қашуға әрекет еткен. Ол әрекеті жүзеге асты, ол Түркия арқылы Мәскеуге келіп, Қазақстанға оралған.

Дегенмен, үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Қалалық сот айыпталушы тараптың 15 тәулік ішінде сотқа апелляциялық шағым түсіре алатынын ескертті.

М.СЕРІКҚЫЗЫ