Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда тіркеу кезінде шетелдіктердің уақытын үнемдейтін терминалдар орнатылды

AstanaTV
29.05.2014ж. 10:00
1238
Алматыда тіркеу кезінде шетелдіктердің уақытын үнемдейтін терминалдар орнатылды

Елімізде туристерді тіркеу жұмысы жеңілдетілді. Бұдан былай қонақ үйде тұрақтаған шетелдік меймандарға көші-қон полициясына барудың қажеті жоқ. Шетел азаматтары үшін бірыңғай ақпараттық жүйе орнатылады. Тіркеуді қонақ үй қызметкерлерінің өзі жүргізеді.

Көші-қон полициясы қызметкерлерінің айтуынша, аталған жаңашылдық уақытты үнемдеп қана қоймай, келушілерге ынғайлы жағдай жасап, еліміздегі туризм саласының дамуына үлес қосады. Шетелден келген қонақтар жайлы ақпарат қадағалаушы органдарға ғаламтор арқылы түсіп отырады. Алғаш Алматыда қолданысқа енген жаңа жүйе қаланың бірнеше қонақ үйлеріне осыдан 2 жыл бұрын орнатылған.

Сарапшылардың пікірінше, 2 млн-ға жуық қонақ келетін «EXPO-2017» көрмесін өткізу қарсаңында электронды тіркеу жүйесін енгізу өзектілігі қазір бірінші орынға шығып тұр.

Айдын Белгібаев, Алматы қаласы ІІД көші-қон полициясы басқарма бастығының орынбасары:

Демек, Алматыға келген әрбір шет елдік азамат көші-қон полициясына барып, ұзы-сонар кезекте тұрып уақытын кетіріп жатпайды. Ол өзі қоныстанған қонақ үйдің өзінде-ақ тіркелу құжатын ала алады. Ал ортақ жүйенің арқасында біз әрбір шетелдік мейман жайындағы ақпаратты көріп отырамыз.

М.СЕРІКҚЫЗЫ