Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Украинада Порошенко ұлықтау рәсімінен кейін бірден ЕО-қа интеграция жөніндегі келісім-шартқа қол қояды

AstanaTV
29.05.2014ж. 13:00
968
Украинада Порошенко ұлықтау рәсімінен кейін бірден ЕО-қа интеграция жөніндегі келісім-шартқа қол қояды

Украинаның Еуроодақпен интеграция жайындағы келісімі жаңа президент Петр Порошенконы ұлықтау рәсімі өткеннен кейін бірден жасалуы мүмкін. Бұл туралы саясаткердің баспасөз қызметі хабарлады.

Болжам бойынша, құжат 10-маусымнан кейін бекітілмек. Порошенконың өзі бұл рәсімді көп созбайтын сыңайлы. Оның пікірінше, келісім елде жақын арада реформалар жасауға мүмкіндік береді. Осыншама асығыстықтың себептері әзірге түсініксіз.

Себебі, The Wall Street Journal ЕО саясаткерлеріне сілтеме жасай отырып, бұдан бұрын Порошенконың Еуропарламенттен ойлануға уақыт сұрағаны жайында жазған болатын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ