Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«ОРДА FM» радиосы балалар күні жағдайы төмен, көп балалы отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетуде

AstanaTV
30.05.2014ж. 20:00
1438
«ОРДА FM» радиосы балалар күні жағдайы төмен, көп балалы отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетуде

«Орда FM» радиосы жағдайы төмен, көп балалы отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетуде. Бұл игі іске тыңдармандар да атсалысып жатыр. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бір ай бұрын басталған науқанды 103,2 әуе толқынынан естіген жаны жайсаң азаматтардың қатары аз болмады. Бүгін олар сүйікті радиожүргізушілерімен бірге қолдауға зәру балақайларға жан жылуын сыйлады.

Дорогие друзья, именно сегодня завершается акция «Дети это - жизнь»! И сегодня мы вместе со всеми радиоведущими и теми, кто нам помог, будем развозить эти подарки, и дарить их детям по городу.

Жылулық - күннен, ал, мейірімділік - адамнан. «Орда FM» Астана қаласында тұратын әлеуметтік жағдайы мүшкіл балақайларға жыл сайын көмек көрсетуді жақсы әдетке айналдырған. Бұл жолы да, Балаларды қорғау күніне орай, тыңдармандарына үндеу тастап, бүлдіршіндерді бір қуантуға бел буды. Жомарт жандар да аз болмай шықты.

Маржан Сұлтанбаева, «ORDA FM» радиосының жүргізушісі:

Кішкене болса да, көмектесуге тырысатындар, қолда барды бөліп беруге тырысатындар өте көп. Солардың ішінде, мысалы, бүгін жиналған тыңдармандарымыз, бұған дейін сыйлық әкеліп тастағандары өз алдына онымен қоса бүгін көлікпен көмектесейік, көтерісіп көмектесейік, өйткені мен эфирде айтқанмын, біз көтеріп бара алмаймыз барлығын. Сыйлықтар өте көп.

Фариза, «ORDA FM» радиосының тыңдарманы:

Осы акция жайлы біз «ORDA FM» радиосынан естідік. Бұл акцияның жүріп жатқанына бір айдай болды. Соны естіп, қолымыздан келгенше, кішкентай балаларға ойыншықтар алып келдік, біреулер дәптерлерін алып келіп жатыр, киімдерін. Қол ұшын созайық деп осы жерге барлығымыз жиналып отырмыз.

Азамат Исаев, «ORDA FM» радиосының директоры:

Мен, шынымды айтсам, осыншама адам жиналады деп, осыншама Желтоқсан көшесінде кептеліс болады деп ойлаған жоқпын. Біздің радиомыздың беделі осы шығар, деп ойлаймын. Осы таңдармандарымыздың арқасы.

Сыйлықтар мен киім-кешектер тау болып жиналды. Олардың барлығы бүгін діттеген жеріне жетті. Айта өтейік, радио қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардың мекен жайын тыңдармандар арқылы білді. Солардың бірі, 4 баланың анасы Нәзира Байдоллаева.

Нәзира Байдоллаева:

«ОРДА FM» радиосына алғысымды айтамын, төрт балама көмектескені үшін. Барлығыңыз сау-саламат жүріңіздер, барлығыңызға рақмет.

«ОРДА FM» радиосының атынан, біздің барлық тыңдармандарымыздың атынан, осындай сыйлықтарды әкелдік, сіздерге 1-ші маусымға, Балалар күніне. Мынау ең кішкентайы ма? Жасы нешеде?

Радио басшылығы мейірімді тыңдармандарына алғыс айтып, білім беру күні қарсаңында дәл осындай акция қайта өтетінін айтуда.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА